103 жастағы кейуана парашютпен секірді

Фотография - 103 жастағы кейуана парашютпен секірді

103 жастағы Бразилиялық кейуана парашютпен секіріп, Гиннес рекордын орнатты.  

200 0

103 жастағы Бразилиялық кейуана парашютпен секіріп, Гиннес рекордын орнатты.

Бразилиялық Аида Мендес 104 жасына қараған шағында тағы да парашютпен секірді. Ол осымен 3-ші рет секірді. Мендес қауіпті спорт түрімен шұғылдануды 100 жасында бастаған - деп хабарлады baq.kz

Аида инструктормен секіріп, бас-аяғы 6 минутта парашют спортындағы рекордты жаңартты.

«Спорт менің өмірімнің мәні, ал паршютпен секіру өмірлік арманым. Адам баласы батылдықты үнемі жанына серік етуі тиіс, бұл өмірде өте қажет», - дейді кейуана.

Мендесті қолдау үшін әуе базасына оның 31 жасар жиеншары Джосивальдо келді. Оның жалпы саны 11 шөбересі, 12 шөпшегі және 5 баласы бар.

Денсаулығым жарап тұрса бұл спортпен айналысуды тоқтатпаймын. Алла өмір берсе, бұдан кейін де әлі талай секіремін дейді, қарт спортшы.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!