Египетте түрмедегі бүлікте 38 тұтқын қаза тапты

Фотография - Египетте түрмедегі бүлікте 38 тұтқын қаза тапты

Жексенбіде Египеттегі түрмелердің бірінде бүлік шығарып, қашпақ болған 38 тұтқын қаза тапты

170 0

Жексенбіде Египеттегі түрмелердің бірінде бүлік шығарып, қашпақ болған 38 тұтқын қаза тапты. . Қаза тапқандар - әскерилер биліктен тайдырған президент Мұхаммед Мурсидің "Мұсылман бауырлар" қозғалысының мүшелері.

France Press агенттігінің хабарлауынша, тұтқындар өздерін Каир маңындағы түрмеге ауыстырып жатқанда қашпақ болған. Полиция оларға көзден жас ағызатын газ қолданған - деп хабарлады  azattyq.org

Египеттің қорғаныс министрі Абдел Фаттах әл-Сиси жексенбіде әскерилер елде "зорлық-зомбылықтың жалғасуына және елдің бүлінуіне жол бермейтінін" мәлімдеген.


Шілдеден бері наразылық танытып жатқан Мұхаммед Мурсидің жақтастарына қайырылып, оларды Египеттегі демократиялық жаңару процестеріне араласуға шақырды.

Бұған дейін исламшылдар жексенбіде Каирде өткізуді жоспарлаған наразылық акцияларын қауіпсіздікке алаңдап, кейінге қалдырған.

Соңғы төрт күнде Египетте қақтығыстар салдарынан 830-дан астам адам қаза тапты.


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!