Сноуденмен байланысы бар журналистің серігі ұсталды

Фотография - Сноуденмен байланысы бар журналистің серігі ұсталды

Лондонның Хитроу әуежайында жексенбіде АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденмен байланысы бар журналистің серігі ұсталды

6165 0


Лондонның Хитроу әуежайында жексенбіде АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденмен байланысы бар журналистің серігі ұсталды.

Ұлыбританиялық The Guardian басылымының журналисі Гленн Гринвальдтің серігі Дэвид Миранда қамауда тоғыз сағаттай отырған. Гринвальдтің The Guardian басылымына жазуынша, полиция Миранданың телефоны, ноутбугі мен флешкаларын тәркілеп алған.

The Guardian басылымы Миранданың тұтқындалуына наразылығын білдіріп, Ұлыбритания үкіметінен оның не себеппен ұсталғанын түсіндіруді талап ететінін мәлімдеді.

Гринвальд пен Миранда азаматтық некеде, Рио-де-Жанейрода тұрады. Сноуденнің АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің азаматтарға тыңшылық жасайтын бағдарламасы туралы ақпаратының осы басылымда жария болуына септескен - Гринвальд болатын.

Бразилия үкіметі Дэвид Миранданың ұсталуына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Эдвард Сноуден қазір Ресейде тұрып жатыр. Оған АҚШ-та құпия ақпаратты әшкере қылды" деген айып тағылып, іс қозғалған. Ресей оған бір жылға уақытша баспана берген.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!