Үндістанда діни жоралғыға бара жатқан 35 адам пойыз астында қалды

Фотография - Үндістанда діни жоралғыға бара жатқан 35 адам пойыз астында қалды

Үндістанның Бихар штатында кемінде 35 адам пойыз астында қалып, мерт болды. Негізінен ол діни жоралғыларға қатысып жатқан әйелдер мен балалар

96 0

Үндістанның Бихар штатында кемінде 35 адам пойыз астында қалып, мерт болды. Негізінен ол діни жоралғыларға қатысып жатқан әйелдер мен балалар, деп хабарлайды РБК.

Оқиға Патна қаласынан 160 шақырым қашықтықта орналасқан Dhamara темір жол станциясында орын алды. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, Шива жолын қуушылар станцияға келіп жетіп, жолдан өтіп бара жатқан, осы сәтте сағатына 80 шақырым жылдамдықпен келе жатқан экспресс адамдарды таптап өткен. Dhamara станциясы әкімшілігінің өкілдері түсіндіргендей, пойыз бұл жерде тоқтауға тиіс емес болатын.

Қатты ашуланған халық пойызға тас лақтырып, вагондарды өртеп жіберді. Адамдар пойыз тоқтағанннан кейін, машиниске шабуыл жасады. Станция қызметкерлерінің бірі кепілге алынды.

Аумақтағы темір жол қатынасы тоқтатылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!