БҰҰ Сирияда химиялық қарудың пайдаланылуы мүмкіндігін тексеріп жатыр

Фотография - БҰҰ Сирияда химиялық қарудың пайдаланылуы мүмкіндігін тексеріп жатыр

БҰҰ сарапшыларының командасы Сирияда химиялық қарудың пайдаланылуы мүмкіндігін тексеруді бастады

223 0

БҰҰ сарапшыларының командасы Сирияда химиялық қарудың пайдаланылуы мүмкіндігін тексеруді бастады.

Олардың мақсаты - «үкімет немесе көтерілісшілер тарапынан зарин газы пайдаланылды ма?» деген сауалға жауап беру.

Батыс елдерінің үкіметтері зарин газы Башар Асад әскері тарапынан қолданылды дегенді алға тартуда. ВВС-дің жазуынша, сарапшылар химиялық қару пайдаланылуы мүмкін үш өңірді тексермек.

Бұдан бұрын хабарланғандай, БҰҰ сириялық шиеленіс кезінде химиялық қарудың қолданылуы мүмкіндігін тексеру үшін Сирия үкіметімен келісімге келе алды.

Келісімнің шарттарына сәйкес, инспекторлар тараптардың өзара келісімімен мерзімді ұзарту мүмкіндігімен елде 14 күн бола алады.

Бастапқыда Сирия үкіметі халықаралық комиссияға Хан аль-Асальдағы жағдайды тексеруді ұсынды. Сириялық үкіметтің мәлімдеуінше, онда көтерілісшілер заринді қолданды. Дегенмен, БҰҰ тексеруді өзге де аймақтарда жүргізуді талап етті - деп хабарлады ҚазАқпарат

Сирия үкіметі және оларға қарсы тұрушы көтерілісшілер химиялық қаруды пайдалануға қатысты өзара айыптаулармен бірнеше мәрте алмасқан болатын.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!