«Мұсылман бауырлар» қозғалысының көшбасшысы Каирде ұсталды

Фотография - «Мұсылман бауырлар» қозғалысының көшбасшысы Каирде ұсталды

Мысыр астанасында «Мұсылман бауырлар» ұйымының рухани ұстазы Мұхаммед Бадия ұсталды

186 0

Мысыр астанасында «Мұсылман бауырлар» ұйымының рухани ұстазы Мұхаммед Бадия ұсталды.

Бұл туралы Ресей Жаңалықтар агенттігі хабарлады.

Жергілікті БАҚ-тардың мәліметтеріне сәйкес, ол Каир қаласының маңындағы күшейтілген режимдегі түрмеге жеткізілді.

Бұған дейін Мысырдың күш құрылымдары ұйымның жоғарғы тәлімгерінің бірқатар орынбасарларын - Хайрат аш-Шатыр мен Рашад аль-Байюмиді тұтқындаған болатын. Қозғалыстың басшылығына, сондай-ақ тақтан тайдырылған ел президентіне қатысты тыңшылық, зорлық-зомбылыққа азғыру және мемлекет экономикасына үлкен шығындар келтіру фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Өткен аптада қақтығыстар барысында от жарақатынан Мұхаммед Бадияның ұлы - Омар аль-Бадия қаза болды. Ол «Мұсылман бауырлар» қозғалысының әскерилерге қарсы қақтығысына қатысқан болатын.

Еске салайық, Мысыр президенті Мұхаммед Мурси мысырлық әскерилермен оның басқарушылығына қарсы көпшіліктің наразылық көтерілістері барысында 3 шілде күні тақтан тайдырылды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!