Сауд Арабиясында әлемдегі ең семіз адамға операция жасалды

Фотография - Сауд Арабиясында әлемдегі ең семіз адамға операция жасалды

 Сауд Арабиясында әлемдегі ең семіз адамға арықтату үшін операция жасалды. Дәрігерлер салмағы 610 келі Халед Мохсен әл-Шаеридің 80 келідей майын алып тастаған

180 0

 Сауд Арабиясында әлемдегі ең семіз адамға арықтату үшін операция жасалды. Дәрігерлер салмағы 610 келі Халед Мохсен әл-Шаеридің 80 келідей майын алып тастаған.


20 жастағы жігіт артық салмақтың кесірінен өздігінен қозғала алмай қалған еді. Сауд Арабиясының королі Халедті ауруханаға апару үшін арнайы ұшақ пен азаматтық қорғаныс күштерін жөнелтті.


Еңгезердей жігітті үйінен алып шығу қиынға соққан. Өйткені ол есікке сыймады. Ақыры қорғаныс күштері үйдің жартысын бұзып, жігітті арнайы кранмен көтеріп шығарды.


Кейін оны тапсырыспен жасалған кереуетке салып, Эр-Риядтағы ауруханаға аттандырды.


Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, әл-Шаеридің семіздігі фаст-фудпен емес, денсаулығының нашарлығымен тығыз байланысты.  Дәрігерлер дер кезінде операция жасап, жігітті аман сақтап қалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!