Тәжікстан мен Ауғанстанның шекарасы тырысқақ індетіне байланысты жабылды

Фотография - Тәжікстан мен Ауғанстанның шекарасы тырысқақ індетіне байланысты жабылды

Шектес жатқан аумақта тырысқақтың ошағы пайда болуына байланысты Тәжікстан Ауғанстанмен арадағы шекараны уақытша жапты

176 0

Шектес жатқан аумақта тырысқақтың ошағы пайда болуына байланысты Тәжікстан Ауғанстанмен арадағы шекараны уақытша жапты.

Бұл туралы ВВС хабарлады.

Жұқпалы індет Бадахшан провинциясының екі елді мекенінде басталған көрінеді.

Ауғаныстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тырысқақты 2 мыңға жуық адам жұқтырған.

Тәжікстан денсаулық сақтау ведомствосының шешімі бойынша Ишкашим, Хорог және Дарваздағы қадағалау-өткізу бекетінің қызметтері уақытша тоқтатылды. Өңірге шұғыл түрде тәжікстандық дәрігерлер барып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!