Палестиналық азамат Facebook әлеуметтік желісінің осал жерін тауып алған

Фотография - Палестиналық азамат Facebook әлеуметтік желісінің осал жерін тауып алған

Палестиналық Халил Шреатех есімді азамат Facebook әлеуметтік желісінің осал жерін тапқан. Яғни, жолын білген адамға кез келген біреудің Facebook-тегі парақшасына кіріп, ішіне қалаған дүниесін жариялауға болатынын анықтаған

190 0

Палестиналық Халил Шреатех есімді азамат Facebook әлеуметтік желісінің осал жерін тапқан. Яғни, жолын білген адамға кез келген біреудің Facebook-тегі парақшасына кіріп, ішіне қалаған дүниесін жариялауға болатынын анықтаған.

Ол бұл ақауды Facebook әлеуметтік желісінің техникалық қолдау орталығына бір емес бірнеше мәрте хабарлағанымен, олар Халилдің бұл ақпаратына мән бермеген. Тіпті, «ондай болу мүмкін емес, бізде бәрі дұрыс жасалған» деп дес бермеген.

Содан палестиналық жігіт бұл «жетістігін» дәлелдемек болып, бірнеше пайдаланушының парақшасына және осы әлеуметтік желінің негізін қалаушы Марк Цукербергтің парақшасына жар салып, хабар жазған.

Осыдан кейін ғана Facebook әкімшілігі палестиналық жігітке шығып, ақаулықтарын түзеген.

Негізінен мұндай ақауларды тапқандарға Facebook компаниясы кемінде 500 доллардан бастап сыйақы береді екен. Алайда палестиналық азаматқа олар бұл уәделерін орындамай, сыйақысын бермей отыр екен.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!