Дағыстанда 9 "содырдың" көзі жойылды

Фотография - Дағыстанда 9 "содырдың" көзі жойылды

Ресей қауіпсіздік күштері Дағыстанның Буйнак қаласында тоғыз "содырдың", оның ішінде "танымал дала командирінің" көзін жойды

109 0

Ресей қауіпсіздік күштері Дағыстанның Буйнак қаласында тоғыз "содырдың", оның ішінде "танымал дала командирінің" көзін жойды.

Ресей ұлттық антитеррорлық комитетінің хабарлауынша, "содыр" деген күдіктілер сейсенбіде Буйнактағы үйлердің біріне жүргізілген тексеріс кезінде мерт болған. Қаза тапқандардың арасында топ жетекшісі Бамматхан Шейхов бар.

Комитет өкілдері "көзі жойылған топ бірнеше кісі өліміне, оның ішінде өткен жылы қастандықтан қаза тапқан Буйнактағы орталық мешіт имамының өліміне де қатысы бар" екенін айтады. 

Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағындағы Дағыстан республикасында исламшыл бүлікшілер белсенді түрде әрекет етеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!