Ресей Украина тауарларына кеден тексерісін жеңілдетті

Фотография - Ресей Украина тауарларына кеден тексерісін жеңілдетті

Ресей Украин тауарларын шектен тыс қатаң тексеруін тоқтатты. Бұл туралы Украина үкіметі хабарлады

163 0


Ресей Украин тауарларын шектен тыс қатаң тексеруін тоқтатты. Бұл туралы Украина үкіметі хабарлады.

Украина саясаткерлері бұған дейін "Ресей Киевтің Еуропа Одағымен еркін сауда айналымы туралы келісім жасамауына ықпал ету үшін Украинадан импортталатын тауарларды кеденнен шектен тыс қатаң тексеріспен өткізіп жатыр" деп мәлімдеген еді.

Украинаның мемлекеттік кіріс министрлігі баспасөз хатшысының айтуынша, "Ресей мамандары 20 тамыздан бастап қатаң тексерістер тоқтайды деп мәлімдеген". Бірақ Ресей федералдық кеден қызметі бұған қатысты түсінік бермей отыр.

Ресей Украинаның Еуропа Одағымен экономикалық байланыс орнатқанынан гөрі Кеден Одағына кіргенін қалайды. Украина Еуропа Одағымен сауда-саттық келісіміне қараша айында қол қоймақ.

Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Виктор Янукович бұл мәселе туралы өткен аптада телефон арқылы сөйлесті. Бірақ мәселенің қалай шешілгені айтылмады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!