Жапония, Қытай және Тайвань елдеріне «Трами» тайфуны жақындап келеді

Фотография - Жапония, Қытай және Тайвань елдеріне «Трами» тайфуны жақындап келеді

 Жапонияның Ұлттық метерологиялық басқармасы оңтүстік арал – Окинаваға «Трами» тайфуны жақындап келеді деп хабарлауда. Синоптиктердің болжауынша, тайфунның  негізгі бөлігі Жапония аумағында болуы мүмкін

266 0

 Жапонияның Ұлттық метерологиялық басқармасы оңтүстік арал – Окинаваға «Трами» тайфуны жақындап келеді деп хабарлауда. Синоптиктердің болжауынша, тайфунның  негізгі бөлігі Жапония аумағында болуы мүмкін.


Тайфунның эпицентріндегі жел  екпіні - секундына 30 метр, ал жылдамығы секундына 45 метрден асады, циклон болатын аймақтағы теңіз толқынының биіктігі 8 метрге жетеді деп болжануда.


Қазір «Трами» Мияко аралдарынан өтіп, батысқа қарай жылжуда, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Хабарламада тайфун жақын арада Қытай мен Тайваньға келеді делінген. Бұл елдерде де төтенше жағдай туралы хабарланған.

Жапонияның Ұлттық метерологиялық басқармасы таулы аймақтардағы тұрғындарға көшеге шықпауды ескертіп отыр. Онда мектептер мен жұмыс орындары уақытша жабылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!