ЕО Египетке қаржылай көмегін тоқтатпақ

Фотография - ЕО Египетке қаржылай көмегін тоқтатпақ

Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін Брюссельде Египеттегі жағдайды талқылайды

109 0


Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін Брюссельде Египеттегі жағдайды талқылайды.

ЕО өкілдері Египетте биліктен шеттетілген бұрынғы президент Мұхаммед Мурсидің жақтастарын әскердің күшпен басып-жаншуынан соң осы елге беретін көмегін қысқарту жайын талқыламақ.

Еуропа Одағы - Египеттің ең ірі сауда әріптесі. 2012 жылы ЕО Каирге 5 миллиард еуро көлемінде қаржылай көмек берген. ЕО шенеуніктері көмек қаржыны қысқартудан өзге, Египетке қару-жарақ эмбаргосын қоюды да ойластырып жатқандарын айтады.

Сейсенбіде АҚШ президенті Барак Обама ұлттық қауіпсіздік саласындағы шенеуніктермен кездесіп, Египетке жыл сайын берілетін 1 миллард 500 миллион АҚШ доллары көлеміндегі көмек қаржыны қысқарту жайын талқылаған.

Ақ Үй сейсенбіде Мурсидің «Мұсылман бауырлар» қозғалысының рухани жетекшісі Мухаммад Бадидің тұтқындалғанын сынаған еді.

Египеттің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиді әскерилер биліктен 2013 жылы 3 шілде күні шеттеткен еді. 13 тамызда Египетте полиция Мурси жақтастарының лагерлерін күшпен таратуға кірісті. 14 тамызда елде бір айға төтенше жағдай жарияланды. 14 тамыздан бері елде қақтығыстардан 900-ге таяу адам қаза тапты.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!