Чилиде шіркеу қызметкері педофилия үшін сотталды

Фотография - Чилиде шіркеу қызметкері педофилия үшін сотталды

Чилиде бұрынғы шіркеу қызметкері 14 пен 16 жас шамасындағы балаларға сексуалдық сипатта зорлық көрсеткені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.

151 0

Чилиде бұрынғы шіркеу қызметкері 14 пен 16 жас шамасындағы балаларға сексуалдық сипатта зорлық көрсеткені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.

Прокурорлардың айтуынша, 53 жасар Рогел Пинуэр Темуко қаласында 2006-2011 жылдар аралығында жасөспірімдерге арналған жетімдер үйінде әкімші қызметін атқарған кезінде қылмыстық қадамдарға барған.

Кей мәліметтерге сәйкес, шіркеу қызметкері жыныстық қатынасқа барғаны үшін жасөспірімдерді ішімдікпен және ақшамен қамтып отырған.

Сот отырысы кезінде прокурор Рим католик шіркеуін осы іс бойынша тергеу барысында ешқандай көмек көрсетпегені үшін айыптады.

Енді кінәсі дәлелденгеннен кейін шіркеу қызметкері 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот үкімі жексенбі күні шығады. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!