Виталий Кличко Украина президенттігіне сайлауға түспек

Фотография - Виталий Кличко Украина президенттігіне сайлауға түспек

Әйгілі боксшы, "УДАР" партиясының көшбасшысы Виталий Кличко 2015 жылғы президенттік сайлауға қатысқалы жатыр деген қауесетті растады.

149 0

Әйгілі боксшы, "УДАР" партиясының көшбасшысы Виталий Кличко 2015 жылғы президенттік сайлауға қатысқалы жатыр деген қауесетті растады.

Бұл туралы Львовта ашылған Бүкіләлемдік конгресте спортшының сөйлеген сөзіне сілтеме жасап утро. ру хабарлайды.

«Түпкілікті шешім қабылдамас бұрын мен әуелі қоғаммен ақылдасып алуым керек», - деді Кличко.

«2015 жылдан кейін Ураинаның жаңа тарихы басталуы тиіс. Оның жүгі ауыр екенін білемін, жауапкершілігін де түсінемін. Сондықтан президенттіке сайлану мүмкіндігін қарастырып жатырмын», - деп атап өтті партия көшбасшысы. Оның сөзінше, мемлекет басшылығына сайлауға түсуге оппозициядан біреу баруы керек. «Бірақ кім баратынын, оны қоғамдық ұйымдар шешеді», - деді спортшының сөзіне сілтеме жасап ИТАР - ТАСС.

Виталий Кличко - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBC) нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы.


Тегтер:

Украина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!