АҚШ-тың екі азаматы шаңсорғыш арқылы сауда автоматындағы қаржыны жымқырған

Фотография - АҚШ-тың екі азаматы шаңсорғыш арқылы сауда автоматындағы қаржыны жымқырған

Юта штатының астанасында екі тапқыр алаяқ сауда автоматын өнеркәсіптік қуатты шаңсорғыш арқылы тонап кеткен

149 0

Юта штатының астанасында екі тапқыр алаяқ сауда автоматын өнеркәсіптік қуатты шаңсорғыш арқылы тонап кеткен.

Солт-Лейк-Сити полициясының айтуынша, 53 және 55 жастағы екі ер азамат көлік жуу нысанындағы автоматтың ақша қабылдағышынан барлық қаражатты аталған құрал арқылы сорып алған.

Бұл операция 12 минут уақыт алған екен. Кейін оларды бұл әрекеті барысында полиция қызметкері байқап қалған. Тұтқындалған бұл екі адамға бұзу арқылы ұрлық жасау айыбы тағылмақ - деп хабаралды  ҚазАқпарат

Әзірге жымқырылған қаржының толық көлемі жарияланбай отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!