Мүбәракты түрмеден госпитальға апарды

Фотография - Мүбәракты түрмеден госпитальға апарды

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак бейсенбі күні түрмеден босап шықты

219 0

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак бейсенбі күні түрмеден босап шықты. Оны Каирдегі Тора түрмесінен қала маңындағы әскери госпитальға тікұшақпен жеткізді. Сәрсенбі күні сот Мүбәракқа тағылған коррупция жайлы соңғы айыпты алып тастап, үйқамаққа босатқан еді.

85 жастағы Хосни Мүбәрәк 2012 жылдың маусымында шерушілердің өліміне кінәлі деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді. Бірақ биыл қаңтар айында сот "істі тергеуде кемшіліктер болғанын" айтып, үкімді қайта қарау туралы шешім шығарған - деп хабарлады  azattyq.org

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак 2011 жылы ақпанда үкіметке қарсы халық толқуы кезінде биліктен кеткен еді. Сол жылдың сәуірінен бері ол қамауда отырды.


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!