Вашингтонда копт христиандары наразылық танытты

Фотография - Вашингтонда копт христиандары наразылық танытты

Вашингтонда бейсенбіде Египеттің уақытша үкіметін қолдайтын, әрі биліктен шеттетілген "Мұсылман бауырлар" қозғалысына қарсы жүздеген копт христиандар АҚШ ақпарат құралдарын "Египеттегі жағдайды біржақты хабарлайды" деп айыптап, наразылық танытты

6136 0

Вашингтонда бейсенбіде Египеттің уақытша үкіметін қолдайтын, әрі биліктен шеттетілген "Мұсылман бауырлар" қозғалысына қарсы жүздеген копт христиандар АҚШ ақпарат құралдарын "Египеттегі жағдайды біржақты хабарлайды" деп айыптап, наразылық танытты.

Ақ Үйдің жанында басталған акция The Washington Post газеті кеңсесінің алдында аяқталды. Наразылар бұл газеттің Египеттегі оқиғаларды біржақты баяндайтынын айтып, қарсылығын білдірді. Жиналғандардың айтуынша, басылым Египеттегі христиан шіркеулері мен ғибадатханаларына жасалып жатқан шабуылдарға жөнді назар аудармаған.

Демонстранттар бұған қоса "басылым "Мұсылман бауырлар" қозғалысына іш тартады, ал президент Мұхаммед Мурсидің биліктен кетірілуін мемлекеттік төңкеріс деп атағаны - қате" дейді.

Шерушілер CNN телекомпаниясына да осындай айыптар тақты.

Демонстрация бейбіт түрде өткен. Бірақ The Washington Post газетінің басшылығы кеңсе есігін жауып алып, сыртқа шықпай қойған.

Наразылықты Вашингтондағы "Копт ынтымақтастығы" ұйымы ұйымдастырған - деп хабарлады  azattyq.org

Египетте соңғы он шақты күнде биліктен тайдырылған Мұхаммед Мурси жақтастары мен үкімет күштерінің арасныдағы қақтығыстарда 900-ден астам адам мерт болды.


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!