Путин Украинаға ЕО-мен келісіміне қатысты ескерту жасады

Фотография - Путин Украинаға ЕО-мен келісіміне қатысты ескерту жасады

Ресей президенті Владимир Путин бейсенбіде "Украина егер Еуропа Одағымен (ЕО) еркін сауда жасау келісіміне қол қоятын болса

217 0

Ресей президенті Владимир Путин бейсенбіде "Украина егер Еуропа Одағымен (ЕО) еркін сауда жасау келісіміне қол қоятын болса, онда Кеден Одағы "қорғаныс шараларын" қабылдауы мүмкін" деп ескертті. Ол бұған қоса келесі аптада Мәскеуге Украина делегациясы келетінін де айтты. Екі жақ Украинаның ЕО-мен еркін сауда жасау келісімінің салдарын талқыламақ.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің баспасөз хатшысы "Украина премьер-министрі Николай Азаров келіссөздер жүргізу үшін алдағы дүйсенбіде Мәскеуге келетінін" хабарлады.

Украина қарашада Вильнюсте өтетін саммитте бірнеше рет кейінге қалдырылып келген ЕО-мен еркін сауда жасасу туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Келісімге қол қойылған жағдайда ЕО тауарларына Украина нарығына жол ашылады - деп хабарлады  azattyq.org

Ресей Украинаның ЕО-мен тығыз байланыс орнатқанынан гөрі, Кеден Одағына кіргенін қалайды. Кеден Одағына Ресей, Беларусь және Қазақстан мүше.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!