Сириядан 1 миллион бала босып кеткен

Фотография - Сириядан 1 миллион бала босып кеткен

БҰҰ Сирияда қақтығыстар басталған екі жарым жылға жуық уақыттан бері елден босып кеткен балалардың саны 1 миллионға жеткенін хабарлады

180 0

БҰҰ Сирияда қақтығыстар басталған екі жарым жылға жуық уақыттан бері елден босып кеткен балалардың саны 1 миллионға жеткенін хабарлады.

БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қоры мен ұйымның Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің дерегінше, Сириядағы тағы 2 миллион бала мен жасөспірім үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Қақтығыстар басталғалы бері Сириядан босып кеткен адамның жалпы саны 2 миллионды құрайды.

Сәрсенбіде сириялық көтерілісшілер "үкімет әскері Дамаск маңында химиялық шабуыл жасап, одан 500-ден 1300-ге дейін адам құрбан болды" деп мәлімдеген еді - деп хабарлады  azattyq.org

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирия үкіметін елде химиялық қару қолданылғанын тексеру үшін Сирияға барған халықаралық сарапшылардың жұмысына қолдау көрсетуге шақырды.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!