Ұлыбритания Таяу Шығыста тыңшылық жасайды

Фотография - Ұлыбритания Таяу Шығыста тыңшылық жасайды

"Ұлыбританияның Таяу Шығыста телефон әңгімелеріне, интернеттегі хат-хабар алмасуларға бақылау жасайтын құпия станциясы бар"

164 0

"Ұлыбританияның Таяу Шығыста телефон әңгімелеріне, интернеттегі хат-хабар алмасуларға бақылау жасайтын құпия станциясы бар" .

Басылым АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнен алынған ақпараттарға сүйенгенін айтады. The Independent-тің жазуынша, Ұлыбритания станциядан алған ақпараттарды АҚШ-тың барлау қызметтерімен бөліседі.

                                     

"Станция Ұлыбританияның әлемдегі электронды байланыс құралдарына тыңшылық жасауға бағытталған, құны 1 миллиард еуро тұратын ірі жобасының құрамына кіреді" дейді басылым. Бірақ станцияның нақты қай жерде орналасқаны айтылмаған - деп хабарлады azattyq.org

Батыстық барлау ұйымдары 2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы терактілерден кейін Таяу Шығыс аймағындағы бақылау қызметін жандандыра түскен еді. 

Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі бақылау жасау станциясына қатысты түсінік беруден бас тартты.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден маусым айында АҚШ арнайы қызметінің әлемдегі телефон мен интернет байланыстарына бақылау жасайтын құпия бағдарламасы барын әшкере еткен еді. Оған АҚШ-та тыңшылық жасады деген іс қозғалған. Тамыздың басында Ресей Эдвард Сноуденге бір жылға баспана берген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!