Боливия түрмесінде ондаған адам қаза болған

Фотография - Боливия түрмесінде ондаған адам қаза болған

Жұма күні Боливияның Санта-Крус қаласындағы қатаң тәртіптегі түрмеде жазаын өтеп жатқандар арасында шыққан жанжалдың соңы өртке ұласып, кемінде 30 адам мерт болған

260 0

Жұма күні Боливияның Санта-Крус қаласындағы қатаң тәртіптегі түрмеде жазаын өтеп жатқандар арасында шыққан жанжалдың соңы өртке ұласып, кемінде 30 адам мерт болған.

Ресми ақпаратта төбелес шығарған сотталғандардың пропан газ баллондарын от шашатын құрал ретінде пайдаланбақ болғаны айтылады. Салдарынан түрмеде от шығып, ондаған адам жанып кеткен - деп хабарлады azattyq.org

Қаза болғандардың арасында бір бала болған деген ақпарат бар. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, балалардың сотталған ата-анасымен бірге түрмеде тұруы Боливия үшін үйреншікті боп кеткен. Жергілікті полиция басшысы жанжал шыққан түрмеде жағдайды билік бақылауына алғанын айтқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!