Бортында 18 адам болған тікұшақ теңізге құлады

Фотография - Бортында 18 адам болған тікұшақ теңізге құлады

 Бортында 18 адамы бар тікұшақ апат салдарынан Шотландияның теңіз жағалауында суға қонуға мәжбүр болды

189 0

 Бортында 18 адамы бар тікұшақ апат салдарынан Шотландияның теңіз жағалауында суға қонуға мәжбүр болды.

Оқиға Шотландия аралдарындағы Самборо қаласының әуежайынан тікұшақ ұшып шыққаннан кейін көп кешікпей орын алды. Ол CHC мұнай компаниясына тиесілі тікұшақ болатын, ол мұнай платформасының жұмысшыларын тасымалдаған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

ТЖ орнына құтқару қызметінің екі тікұшағы және Абердин мен аралдар арасында қатынайтын паром жіберілді. Құтқарушылар 15 адамды құтқарды. Тағы үшеуінің тағдыры белгісіз болып отыр.

Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. ТЖ ауданында жағалау күзетінің екі кемесі және үш тікұшақтың қатысуымен іздеу операциялары жалғасуда.

Тікұшақтың апатқа ұшырауының себептері әзірге белгісіз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!