Обама мен Кэмерон Сириядағы жағдайды талқылады

Фотография - Обама мен Кэмерон Сириядағы жағдайды талқылады

АҚШ президенті Барак Обама мен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Сириядағы жүздеген адам қаза тапқан, химиялық қару қолданылды деген күдік тудырған шабуылды талқылады. Олар Сириядағы жағдайға "қатты алаңдайтындарын" мәлімдеді

168 0

АҚШ президенті Барак Обама мен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Сириядағы жүздеген адам қаза тапқан, химиялық қару қолданылды деген күдік тудырған шабуылды талқылады. Олар Сириядағы жағдайға "қатты алаңдайтындарын" мәлімдеді. 

Екі елдің басшылары 21 тамыз күні Дамаскіде жасалған шабуылдың "химиялық қаруға тән белгілері" бар екенін және оны үкіметтің жасауы мүмкін екенін айтады.

Сирия үкіметі өзіне тағылған, "Дамаск қаласының шығыс бөлігіндегі қақтығыста химиялық қару қолданды" деген айыпты теріске шығарып, керісінше "қауіпті қаруды оппозиция қолданды" деп мәлімдеді. 21 тамыз күні Сирия режиміне қарсы күресіп жатқан көтерілісшілер "химиялық қаруды үкімет әскері қолданды, мыңнан аса адам опат болды" деп хабарлаған еді.

Соңғы ақпараттарға қарағанда, АҚШ әскери кемелері мен басқа да күштерін әскери қимылдарға дайындап жатыр. 25 тамызда АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгел "қарулы күштердің Сирияға қатысты соғыс қимылдарына дайын екенін, соңғы шешімді Обама шығаратынын" мәлімдеген - деп хабарлады azattyq.org

Хейгел "Президент Обама министрлікке әскерді кез-келген жағдайға дайындау туралы нұсқау берді. Қазір АҚШ әскері кез-келген жағдайға дайын" дейді.

Сирияның ақпарат министрі Омран әл-Зуби "АҚШ әскерінің шабуылы Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайды одан бетер ушықтырып жіберетінін" мәлімдеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!