Жүрегі асқазанында орналасқан азаматқа ота жасалды

Фотография - Жүрегі асқазанында орналасқан азаматқа ота жасалды

Қытайлық Хуан Жунмин тумасынан ерекше адам. Өйткені, оның жүрегі кеудесінде емес, асқазанында орналасқан. Жуырда Хуанның жасы 24-ке толып, дәрігерлер оның жүрегін ота жасау арқылы қайта кеудесіне орналастырып берді

1167 0

Қытайлық Хуан Жунмин тумасынан ерекше адам. Өйткені, оның жүрегі кеудесінде емес, асқазанында орналасқан. Жуырда Хуанның жасы 24-ке толып, дәрігерлер оның жүрегін ота жасау арқылы қайта кеудесіне орналастырып берді.

Дәл мұндай құбылыс адамзат арасында өте сирек кездеседі. Ғалымдардың айтуынша, әр миллион адамның бесеуінде жүрек қалыпты орнынан жылжуы мүмкін. Ал, мұндай науқастар туыла салысымен көз жұмып жатады дейді олар. Хуанның ерекшелігі сол, ол асқазандағы жүрекпен 24 жыл өмір сүрген.

Қытайлық азамат өзінің "ұзақ" жасауын ата-анамның арқасында деп отыр. Бала кезінде оның әке-шешесі ұлдарын барынша сақтап, ауыр жұмысқа салмаған көрінеді. Дегенмен, соңғы уақытта Хуанның жағдайы күрт нашарлағаннан кейін, араға дәрігерлер түсті - деп хабарлады  baq.kz

Денсаулығында ақауы бар осынау бозбаланың жайын естіген сәтте Қытай азаматтарының біразы оның ата-анасына ота жасату үшін қаржы жинап беріпті. Қазір Хуанның жағдайы жақсы, ауруханадан шығуға әзірленіп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!