Сирияда губернатор қастандықтан қаза тапты

Фотография - Сирияда губернатор қастандықтан қаза тапты

Сирияда жексенбіде Хама провинциясының губернаторы Анас Абдел Раззак Наим қастандықтан қаза тапты

121 0

Сирияда жексенбіде Хама провинциясының губернаторы Анас Абдел Раззак Наим қастандықтан қаза тапты.

Сирия мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Раззак Наим провинцияның Джарайма ауданында мина қойылған көлік жарылысынан құрбан болған. Үкімет оның өліміне көтерілісшілерді кінәлап отыр.

Наим губернаторлыққа 2011 жылдың шілдесінде, елде президент Башар Асадтың билігіне қарсы толқулар басталған соң төрт ай өткенде тағайындалған еді - деп хабарлады  azattyq.org

Сирияда Башар Асад үкіметі мен көтерілісшілер арасында қарулы қақтығыстардың жалғасып жатқанына екі жылдан асты. Бұған дейін президент Башар Асадқа да қастандық жасалған.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!