БҰҰ Сирияда химиялық қару қолданылғанын тексермек

Фотография - БҰҰ Сирияда химиялық қару қолданылғанын тексермек

БҰҰ сарапшылары дүйсенбіде Сирияға Дамаск маңындағы "химиялық қару қолданылған болуы мүмкін" деген аймақты тексереді

140 0

БҰҰ сарапшылары дүйсенбіде Сирияға Дамаск маңындағы "химиялық қару қолданылған болуы мүмкін" деген аймақты тексереді.

Сирия үкіметі жексенбіде БҰҰ сарапшыларына тексеру жүргізуге рұқсат берген еді. Бірақ Ақ үй өкілі "тексеруге тым кеш рұқсат еткенін" айтып, АҚШ химиялық қаруды Башар Асад үкіметінің өзі қолданғанына "аса күмәнданбайтынын" мәлімдеді - деп хабарлады  azattyq.org

АҚШ президенті Барак Обама осыдан бір жыл бұрын "Сирияда химиялық қару қолданылуы әбден мүмкін" екенін және "оның салдары ауыр болатынын" ескерткен.

Үкіметке қарсы белсенділер мен "Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық медициналық гуманитарлық ұйымы өткен аптаның сәрсенбісінде үкімет күштері улы газы бар қару қолданып, 300-ден астам адам қаза тапқанын хабарлаған еді. Сирия үкіметі бұл айыптауларды негізсіз деп санайды.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!