Дамаскіде БҰҰ сарапшылары шабуылға ұшырады

Фотография - Дамаскіде БҰҰ сарапшылары шабуылға ұшырады

Химиялық қарудың қолданылғаны туралы ақпаратты тергеу үшін Сирияға келген БҰҰ сарапшылары шабуылға ұшырады

176 0

Химиялық қарудың қолданылғаны туралы ақпаратты тергеу үшін Сирияға келген БҰҰ сарапшылары шабуылға ұшырады. Олар Дамаскінің орталығында тұрақтаған қонақ үйдің жанында минометтің 2 минасы жарылды.

Оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті. Ел билігі бұл жайтты лаңкестерге теліп отыр. Бүгін БҰҰ инспекторлары Four Seasons қонақ үйінен шығып, химиялық қару қолданылды делінген Дамаскіге тақау Гута ауданына тергеу амалдарын жүргізу үшін шықты. Сирия үкіметі кеше БҰҰ эксперттерінің химиялық қару қолданылуы ықтимал ауданға бару кестесін келіскен болатын - деп хабарлады  ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!