Ыстықкөл тұрғыны обадан қайтыс болды

Фотография - Ыстықкөл тұрғыны обадан қайтыс болды

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі Ыстықкөл облысында оба індетін жұқтырған 15 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғанын хабарлады

356 0


Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі Ыстықкөл облысында оба індетін жұқтырған 15 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғанын хабарлады.

Жасөспірім 22 тамызда ауруханаға дене қызуы көтеріліп, шап безі шошынғанын айтып шағымданып барған. Ауруханаға жатқызылған соң бірнеше сағаттан кейін қайтыс болған оның оба жұқтырғаны дүйсенбіде расталды.

Алдын-ала деректерге қарағанда, науқас індетті таулы жерде тамаққа суыр етін пайдаланғанда жұқтырған - деп хабарлады  azattyq.org

Ыстықкөл облысына эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін бірнеше дәрігер жіберілген. Қайтыс болған жасөспіріммен араласқан 100-ден астам адам анықталып, тексеріліп жатыр. Үкімет індет тарауы мүмкін деген қауіппен облыстың Ақсу ауданының тұрғындарына егу жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!