Ұлдарын 30 жыл бойы торда ұстаған отбасы анықталды

Фотография - Ұлдарын 30 жыл бойы торда ұстаған отбасы анықталды

Ақыл-есі кем ұлын сыртқы өмірден тысқары ұстау үшін қытайлық ерлі зайыптылар оны 5 шаршы метрлік тастан жасалған торда отыз жыл бойына ұстап келіпті

287 0

Ақыл-есі кем ұлын сыртқы өмірден тысқары ұстау үшін қытайлық ерлі зайыптылар оны 5 шаршы метрлік тастан жасалған торда отыз жыл бойына ұстап келіпті. Дегенмен, Қытайда мұндай қатаң шаралар бұған дейін де қолданылып келген.

Дун Хайды ата-анасы 1983 жылы қамауға алыпты. Ол кезде ұл баланың жасы небәрі 16-да болған. Жасөспірімнің өтпелі кезеңін әке-шеше дұрыс түсінбей, оны жүйкесі сыр берген ауруға балапты, қамағаны да сондықтан. Дун Ватоу мен әйелі Сяо Хун "ұлымызды алып бармаған дәрігер қалмады, ешқайсысы көмектесе алған жоқ" дегенді айтып отыр. Бүкіл жиған-тергенін осылайша медицина мамандарына жұмсаған ерлі-зайыптылар ақыры жалғыз перзентті тастан жасалған торға қамап тастаған - деп хабарлады baq.kz

Қатыгез ата-ана торды үйдің ауласынан тұрғызыпты. Сол 30 жыл ішінде Дун Хай далаға бірде-бір рет шықпаған. Әке-шешесі оған тамақты шағын тесік арқылы беріп отырса, нәжіс пен өзге де қалдықтарды сол тесік арқылы қайта алып отырған. Шомылдырған сәтте де ерлі-зайыптылар осы тесікті пайдаланыпты. Яғни, шланг арқылы. Өздерінің айтуынша, мұндай шешімге келу өмірлеріндегі ең ауыр таңдау болған екен.

Егер мемлекет Дун Хайдың ата-анасынан оларға тиесілі жер телімдерін тартып алмағанда бұл оқиға әлі күнге белгісіз болып қалар еді. Қазіргі таңда Дун Ватоу мен Сяо Хун күн көру үшін көрінгеннің ауласында жұмыс істеп жүр. Мемлекет оларға табыс алып келіп отырған жерлердің барлығын өз меншігіне қайтарып алды.

Өкінішке қарай, бұл Қытайдағы алғашқы жайт емес. Былтыр билік өкілдері өз ұлдарын 20 жыл бойына ағаш торда ұстаған ата-ананы анықтаған болатын. Оның жазығы - 2 жасар сәби кезінде үстіне қайнаған су төгіп алған. Қазір ол не сөйлей алмайды, не жүре алмайды. Қатыгез ата-аналарға қандай шара қолданатынын Қытай билігі жасырын ұстауда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!