Украина ЕО мен Кеден Одағының біреуін таңдасын

Фотография - Украина ЕО мен Кеден Одағының біреуін таңдасын

Ресей премьер-министрінің орынбасары Игорь Шувалов "Украинаның Еуропа Одағы (ЕО) мен Кеден Одағына бірдей мүше бола алмайтынын" мәлімдеді

173 0

Ресей премьер-министрінің орынбасары Игорь Шувалов "Украинаның Еуропа Одағы (ЕО) мен Кеден Одағына бірдей мүше бола алмайтынын" мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәскеуде Ресей премьері Дмитрий Медведев пен Украина премьер-министрі Николай Азаровтың кездесуінен соң айтты.

Бұған дейін Медведев Азаровты Киев ЕО-мен еркін сауда келісіміне қол қойған жағдайда туындайтын "құқықтық, экономикалық салдарларды" талқылауға шақырған еді.

Мәскеу Киевті ЕО-мен еркін сауда келісіміне қол қоюдан бас тартып, Ресей, Беларусь және Қазақстан құрған Кеден Одағына кіруге көндіргісі келеді - деп хабарлады azattyq.org

Осы айда Ресей кеденшілері бірнеше күн бойына Украинадан импортталатын тауарларға шектен тыс тексерулер жүргізген еді. Киев мұны "Мәскеудің Украинаны Кеден Одағына кіруге көндірмек болған әрекеті" деп бағалады.

Украина алдағы қарашада Вильнюсте өтетін саммитте ЕО-мен еркін сауда келісіміне қол қоймақ. Келісімге қол қою бұған дейін бірнеше рет кейінге шегеріліп келген еді.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!