Үндістан кедейлерді тамақтандыру үшін 18 млрд. доллар жұмсамақ

Фотография - Үндістан кедейлерді тамақтандыру үшін 18 млрд. доллар жұмсамақ

Үндістан парламентінің төменгі палатасы кедейліктен зардап шегіп отырған аймақтарға 18 миллиард доллар қаражат бөлу керектігін мақұлдады

219 0

Үндістан парламентінің төменгі палатасы кедейліктен зардап шегіп отырған аймақтарға 18 миллиард доллар қаражат бөлу керектігін мақұлдады.

Заң шығарушылардың хабарлауынша, азық-түлікке субсидия бөлу - аштыққа қарсы жасалған қадам. Бүгінгі таңда ел тұрғындарының біраз бөлігі аштықтың зардабын тартып келеді. Енді парламенттің жоғарғы палатасы заңды мақұлдаса, құжат күшіне енеді - деп хабарлады  baq.kz

Аталған заң жобасына сәйкес, Үндістан азаматтарының 70 пайызы арзандатылған күріш пен бидайға қол жеткізуі тиіс.

Айта кетейік, парламент отырысында осынау мәселе сөз болып жатқан тұста "Үндістанның ұлттық конгресі" атты басқарушы партияның жетекшісі Соня Ганди есінен танып қала жаздады. Кейінірек белгілі болғандай, шенеунік қояншық ауруымен ауырады екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!