БҰҰ АҚШ тыңшылығына қатысты жауап берді

Фотография - БҰҰ АҚШ тыңшылығына қатысты жауап берді

БҰҰ "АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде тыңдау жүргізді" деген ақпаратқа қатысты америкалық шенеуніктермен байланыс орнатқанын" хабарлады

153 0

БҰҰ "АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде тыңдау жүргізді" деген ақпаратқа қатысты америкалық шенеуніктермен байланыс орнатқанын" хабарлады.

Жексенбіде немістің Der Spiegel журналы америкалық бұрынғы агент Эдвард Сноуденнен алынған құпия құжаттарға сүйеніп, АҚШ арнайы қызметі 2012 жылы БҰҰ-ның ішкі видео конференция жүйесін ашып алғаны туралы жазған еді. Журнал жариялаған ақпаратқа қатысты мәлімдемені БҰҰ өкілі Фахан Хак жасады.

Бұған дейін Der Spiegel мен ұлыбританиялық The Guardian басылымы Сноуденнен алынған ақпараттар негізінде "АҚШ арнайы қызметінің Еуропа Одағының кеңселерінде, Вашингтондағы елшіліктер мен Нью-Йорктегі БҰҰ кеңселерінде тыңдау жүргізетінін" хабарлаған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!