Ресейдің Амур өзенінде су деңгейі 7 метрден асты

Фотография - Ресейдің Амур өзенінде су деңгейі 7 метрден асты

"Ресейдің Қиыр Шығысындағы Амур өзенінде судың деңгейі рекордтық көрсеткіш - 736 сантиметрге жетті" деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Су деңгейінің көтерілуіне тоқтаусыз жаңбыр себеп болып отыр.

199 0

"Ресейдің Қиыр Шығысындағы Амур өзенінде судың деңгейі рекордтық көрсеткіш - 736 сантиметрге жетті" деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Су деңгейінің көтерілуіне тоқтаусыз жаңбыр себеп болып отыр.

Аймақтық ауа-райын болжау орталығы бүгін "қыркүйекке таман су басқан аймақтар көбейеді" деген болжам жасады.

Хабаровск қаласының мэрі өткен аптада өзендегі су деңгейі 780 сантиметрге жеткенде тұрғындарды эвакуациялау басталатынын айтқан еді.

Ресей президентінің Қиыр Шығыстағы өкілі Виктор Ишаев сейсенбіде "Амур, Хабаровск, Якутия аймақтары мен Еврей автономиялық облысында 100 мыңға тарта адам су тасқыны қаупіне ұшырап отырғанын" айтты. Бұған дейін бұл аймақтарда 4 мың 500-ден астам үй-жай мен 300-ге тарта ғимаратты су басқаны хабарланған еді.

Хабаровск аймағының губернаторы Вячеслав Шпрот "мұндай су тасқыны Ресейде соңғы 120 жылда болмағанын" айтады. Оның сөзіне қарағанда, су басу бір айға созылуы мүмкін.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!