Баласын 30 жыл бойы торда қамап ұстаған

Фотография - Баласын 30 жыл бойы торда қамап ұстаған

 Қытайда ата-анасы баласын 30 жыл бойы бес шаршы метрлік торда қамап ұстаған. Қамауға түскен кезде Дун Хайдың жасы небары 16-да болыпты

238 0

 Қытайда ата-анасы баласын 30 жыл бойы бес шаршы метрлік торда қамап ұстаған. Қамауға түскен кезде Дун Хайдың жасы небары 16-да болыпты.


Ата-анасы өтпелі кезеңдегі ұлының қылықтарын дұрыс түсінбей, оны жүйке ауруына шалдыққан деп санайды. Ұлын апармаған дәрігері қалмайды. «Бірақ, ешқайсысы көмектесе алған жоқ», дейді олар.


Осылайша, ерлі-зайыптылар жалғыз перзентін үйдің ауласына тұрғызылған тас қамауда ұстауды жөн санайды. 1983 жылдан бері Дун Хай тордан сыртқа аттап баспаған. Әке-шешесі оған тамақты арнайы тесік арқылы беріп, нәжісі мен өзге қоқыстарын осы арқылы тазалап отырады.


Сұмдық оқиғаның беті кездейсоқ ашылады. Мемлекет өзге нысан тұрғызу мақсатымен Дун Хайдың ата-анасына тиесілі жер телімін тартып алмағанда, бұл оқиға әлі күнге белгісіз болып қалар еді. Енді баспанасынан айырылған қарттар 46 жастағы ұлдарының болашағына алаңдайды. Ал Қытай билігінің қатыгез ата-аналарға қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!