Хакерлер Twitter доменін басып алды

Фотография - Хакерлер Twitter доменін басып алды

Бұл туралы бүгін американдық Business Insider басылымы хабарлады.

139 0

Сирия президенті Башар Асадты жақтаушы «Сирия электрондық армиясының» (SEA) хакерлері Twitter әлеуметтік желісін басып алғанын және Американың әйгілі The New York Times және Huffington Post газеттерінің сайтын бұзғаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы бүгін американдық Business Insider басылымы хабарлады.

Хакерлер мұны скриншотқа түсіріп алып, өздерінің Twitter парақшасында жариялаған. SEA хакерлері Twitter.com домендік тіркелімінің әкімшісі туралы ақпаратты ауыстырған. Домен әкімшісі ретінде SEA көрсетілген, сонымен қатар, «әкімшінің электрондық поштасы» алаңында хакердің sea@sea.sy электрондық поштасы көрсетілген.

Микроблогтар сервисінің өкілдері бұл проблеманы шешіп жатырмыз дегеннен асып ештеңе алмаған.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!