АҚШ ертең Сирияға әуе шабуылын бастауы мүмкін

Фотография - АҚШ ертең Сирияға әуе шабуылын бастауы мүмкін

АҚШ ертең, яғни 29 тамыз күні Сирияға зымырандармен соққы беруі мүмкін, деп хабарлайды NBC телеарнасы Ақ үйдегі дереккөзге сілтеме жасай отырып

172 0

АҚШ ертең, яғни 29 тамыз күні Сирияға зымырандармен соққы беруі мүмкін, деп хабарлайды NBC телеарнасы Ақ үйдегі дереккөзге сілтеме жасай отырып. Дереккөздің айтуынша, әуе соққысы үш күнге созылуы ықтимал.

Батыстың таяу күндері Башар Асадтың әскеріне соққы беруі кәдік екенін «Сирияның достары» дипломатиялық коалициясына енетін 11 мемлекеттің елшілері сириялық оппозицияшылармен Стамбулда өткен жабық кездесу кезінде де сөз еткен. «Батыс өкілдері Б.Асадтың химиялық қару қолдануының алдын алу үшін жақын күндері соққы берілетінін айқын мәлімдеген», — дейді аталған кездесуге қатысқан дереккөз.

Бүгін Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Сирия мәселесіне қатысты парламенттің шұғыл кеңесін шақырды. Вашингтон мен Лондонның Башара Асадтың режиміне қарсы үзілді-кесілді қатаң саясат ұстанып отырғанын естеріңізге сала кетейік. Сирия билігі үшін басты қауіп те осы екі ел тарапынан шықпақ.

АҚШ пен Ұлыбритания Сирия билігі көтерілісшілерге қарсы химиялық қару қолданды деп айыптаса, Б.Асад керсінше, химиялық қаруды шетелдік жалдамалардың желіктіруімен көтерілісшілер қолданды деп бет бақтырмай отыр. Осы оқиғаның салдарынан 3 мың. 600 адам зардап шегіп, 355 қаза тапқанын еске сала кетейік.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!