Гренландия жасыл құрлыққа айналуы мүмкін

Фотография - Гренландия жасыл құрлыққа айналуы мүмкін

Бүгінде мұзы еріп жатқан Гренландия аралының басым аймағы ғасыр соңына қарай жасыл құрлыққа айналуы әбден мүмкін

238 0

Бүгінде мұзы еріп жатқан Гренландия аралының басым аймағы ғасыр соңына қарай жасыл құрлыққа айналуы әбден мүмкін. Бұл жайында Philosophical Transactions of the Royal Society B журналына жарияланған зерттеу мақаласында айтылған.

Қазіргі таңда аралдың оңтүстігінде ағаштың төрт түрі өседі. Орхус университетінің ғалымы Йенс-Кристиан Свеннинг пен оның әріптестерінің айтуынша, ауа-райы дәл осылай жылынып кете беретін болса 2100 жылға қарай Гренландияда Солтүстік Америка мен Еуропада өсетін ағаштардың көптеген түрін кездестіруіміз ғажап емес.

Көгалдану процесі аралдың оңтүстік бөлігінен бастайды. Аляканың жағалауы секілді мұнда да қылқан жапырақты ағаштар орманы пайда болмақ. Ал, жергілікті қайың болса өсу аумағын кеңейтіп, 400 мың шаршы шақырымға жетуі мүмкін.

Әрине, ағаштардың өздігімен көбеюі ұзақ уақытты алатын процесс. Дегенмен, адамдар бұл үдерісті өздері жылдамдататын болады дейді ғалымдар.

"Аралдың көгалдануы жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады. Алайда, мұздықтарды қолдан ерітуде абайлаған жөн" делінген мақалада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!