Сирия содырлары зарин газымен шабуыл жасаған

Фотография - Сирия содырлары зарин газымен шабуыл жасаған

Бұл туралы бүгін швейцария телеарнасына  Сириядағы адам құқығының бұзылуы бойынша тергеу комиссиясының мүшесі Карла дель Понте мәлімдеген

401 0

Дамаскінің жанындағы Шығыс Гутеде химиялық қару қолдану оқиғасының куәгерлерінің айтуына қарағанда «оппозиция содырлары жүйке-паралитикалық әсерлі газ – заринді қолданған болуы тиіс». Бұл туралы бүгін швейцария телеарнасына  Сириядағы адам құқығының бұзылуы бойынша тергеу комиссиясының мүшесі Карла дель Понте мәлімдеген.

«Сарапшы комиссия әзірге үкімет әскерінің химиялық қару қолданғанын айғақтайтын ештеңе таппады», - деп отыр дель Понте. Оның айтуына қарағанда тергеу әлі жалғасуда.

Сондай-ақ, таяуда Араб мемлекеттерінің лигасы «бейбіт тұрғындарды құрбан еткен Шығыс Гутедегі химиялық шабуыл жасауға» Сириядағы билік жауапты деп айыптаған болатын.

АҚШ әкімшілігі де бұған дейін үкімет күштері қолданды деп айтып өткен еді. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри «осы шабуылға қатысты қосымша ақпарат бар екендігін» мәлімдеген болатын. БҰҰ-ы оған жауап ретінде сол ақпаратты жария етуді сұрады.

Рейтерс агенттігі мен «Аль-Маядин» телеарналары ұсынған ақпаратқа сенсек, батыс елдері сириялық төңкерісшілерге жақын арада Сирияға соққы берілетіндігін хабарлаған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!