Иран АҚШ-тан 1953 жылғы төңкеріс үшін өтемақы талап етпек

Фотография - Иран АҚШ-тан 1953 жылғы төңкеріс үшін өтемақы талап етпек

Иран парламенті "1953 жылы Тегеранда болған мемлекеттік төңкеріске қатысы болғаны үшін АҚШ-қа шара қолдануға шақыратын" заң жобасын мақұлдады.

196 0

Иран парламенті "1953 жылы Тегеранда болған мемлекеттік төңкеріске қатысы болғаны үшін АҚШ-қа шара қолдануға шақыратын" заң жобасын мақұлдады.

27 тамызда талқыланған заң жобасында "Иранның демократиялық жолмен сайланған премьер-министрі Мохаммад Моссадықты биліктен кетірген төңкеріске саяси және құқықтық тергеу жүргізу" қарастырылған. 

Иранның ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, төңкерісті тексеретін комиссия құрылмақ. Комиссияны Иранның сыртқы істер министрі басқармақ.

Осы айдың басында, АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) мемлекеттік төңкерісті ұйымдастыруға қатысы болғанын мойындап, ол туралы құпия құжаттарды жария еткен.

Иран депутаттары "ЦРУ-дың мойындауы Вашингтоннан өтемақы талап етуге жеткілікті дәлел бола алады" дейді.

1953 жылы болған мемлекеттік төңкерісте Мохаммад Моссадық биліктен кетіп, Мохаммад Реза Пехлеви режимі қайта орнады.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!