Жұмыс уақытында ойын ойнаған шенеунікке айыппұл салынды

Фотография - Жұмыс уақытында ойын ойнаған шенеунікке айыппұл салынды

Жапонияның Осака префектурасына қарасты Сэннан қаласының әкімдігі жұмыс уақытында ойын ойнаған шенеунікке ірі көлемде айыппұл салды. "Санкей" газетінің хабарлауынша, ол бір жылда 281 сағат компьютер ойындарын ойнаған. Енді сол үшін 7,6 мың долларға шығындануы тиіс.

125 0

Мұнымен қоймай, мемлекеттік қызметкерден жалақысының 10 пайызын екі ай бойына ұстайтын болады. Ол қазір өзінің кінәсін мойындап отыр.

Қала әкімдігінің бір қызметкері шенеуніктің жұмыс уақытында компьютер ойынын ойнап отырғанын байқап қалып, кадр маманына шағым түсірген. Қызметтік тексерістен кейін анықталғандай, айыпты азамат бір жыл бойына тұрақты түрде жұмыс кезінде ойнап келіпті. Мамандар оның ермекке жұмсаған уақытын есептеп, 281 сағат екендігін де анықтады. Демек, бос өткізген осы сағаттар үшін ол 7,6 мың доллар шамасында мемлекетке айыппұл төлейді.

Әкімдік қызметкерлері хабарлағандай, кеңседегі компьютерлердің барлығынан орнатылған сәтте ойындары жойылып тасталынады. Ал, ойынқұмар шенеуніктің компьютерін бұдан бұрын жоспардан тыс ауыстырған көрінеді. Сол сәтте ішіндегі қажет емес дүниелерді модератор өшіріп тастауды ұмытып кеткен.

Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!