АҚШ: Химиялық қару туралы талапты бұзған ел жауап береді

Фотография - АҚШ: Химиялық қару туралы талапты бұзған ел жауап береді

АҚШ Сирияға қарсы әскери операцияны Ұлыбританияның қатысуынсыз-ақ, жалғыз өзі жүргізе алады.

211 0

АҚШ Сирияға қарсы әскери операцияны Ұлыбританияның қатысуынсыз-ақ, жалғыз өзі жүргізе алады. Бұл туралы бейсенбі күні кешке Ұлыбритания парламенті Сирияға әскери операцияға бастауға қарсы шешім қабылдаған соң АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Кэйтлин Хэйден мәлімдеді.

Әйткенмен «АҚШ бұл мәселеге байланысты Ұлыбританиямен кеңесіп отырады» деді ол. Ақ үй өкілінің айтуынша, президент Барак Обама Сирияға қатысты шешім қабылдағанда АҚШ-тың мүддесін басшылыққа алатын болады.

«Президент қазіргідей жағдайда АҚШ-тың негізгі мүдделері таразыға салынып отыр деген пікірде, және химиялық қаруды қолданбау туралы халықаралық талаптарды бұзған елдер ол үшін жауап берулері керек деп санайды» деді Хэйден.

Сәрсенбіде БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі Сирия қатысты мәжіліске жиналып, келісімге келе алмаған. Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге Ресей қарсылық танытып отыр.

21 тамызда Дамаск маңында болған қақтығыста химиялық қару қолданылып, 350-ге тарта адам қаза тапқан еді. Тағы 1300-ге тарта адам уланып, ауруханада жатыр. Сириялық көтерілісшілер химиялық қаруды Башар Асад үкіметі қолданды деп айыптайды. Дамаск оны жоққа шығарады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!