Украина президенті: Қай одаққа кіретінімізді референдум шешеді

Фотография - Украина президенті: Қай одаққа кіретінімізді референдум шешеді

Украина Еуропа Одағына (ЕО) кіре ме, жоқ әлде Кедендік Одаққа (КО) енеді ме – ол мәселе референдум арқылы шешіледі деп мәлімдеді ел президенті Виктор Янукович украин телеарналарына берген сұхбатында

286 0

Украина Еуропа Одағына (ЕО) кіре ме, жоқ әлде Кедендік Одаққа (КО) енеді ме – ол мәселе референдум арқылы шешіледі деп мәлімдеді ел президенті Виктор Янукович украин телеарналарына берген сұхбатында. Бірақ ол "мұндай референдум қашан өтеді" деген сауалға нақты жауап бермеді.

Украина биыл қарашада Вильнюсте өтетін «Шығыс серіктестігіне» мүше елдердің саммитінде ЕО-мен еркін сауда жасасу туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Келісімге қол қойылған жағдайда ЕО тауарларына Украина нарығына жол ашылады. Киевтің бұл жоспары Мәскеуге ұнамайды.

Сәрсенбі күні Еуропарламент депутаттары Украинаға қысым жасап отыр деп Ресейді сынады. Осы аптада Украина премьер-министрі Николай Азаров Кедендік Одақтың бірқатар келісімдеріне Украина да қосылуы мүмкін деп мәлімдеген еді. Бұған дейін Еуропа одағы өкілдері Киевке не өздерімен, не Ресей, Беларусь және Қазақстан құрған Кедендік Одақпен әріптес болуы керек екенін бірнеше рет ескерткен.

Өткен аптада Украинаның тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында президент Янукович Еуропа Одағымен (ЕО) қауымдасу Украинаның қазіргі заманғы еуропалық мемлекет болып қалыптасуына ықпал етеді деп мәлімдеген еді. Сонымен бірге ол Ресей және өзге елдермен байланысты тереңдетіп, дамыту қажеттігін атап өткен.


Тегтер:

Украина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!