СІМ Германияда бас консулы ұсталғанын растады

Фотография - СІМ Германияда бас консулы ұсталғанын растады

Германияның құқық қорғау органдары Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулы Ахат Алпысбаевты ұстағаны туралы ақпаратты Қазақстан сыртқы істер министрлігі растады

207 0

Германияның құқық қорғау органдары Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулы Ахат Алпысбаевты ұстағаны туралы ақпаратты Қазақстан сыртқы істер министрлігі растады.

«Қазіргі уақытта Франкфурттегі бас консулдың ұсталғанын растай аламын. Барлық жағдай қазір анықталып жатыр. Менің айтарым, Қазақстан мен Германия кең көлемді мәселелер, соның ішінде қылмыспен күрес және контрабанда салалары бойынша серіктестік қарым-қатынаста. Дәл осы тұрғыда қазір біз неміс әріптестерімізбен жұмыс істеп, болған жайттың бүге-шігесін анықтап жатырмыз. Жағдайдың анық-қанығына жеткен соң бұл мәселе бойынша барлық шаралар мен шешімдерді жариялап, қосымша түсініктеме береміз» деген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов - деп хабарлады  azattyq.org

Германияда күнделікті шығатын Bild газеті 29 тамыз күні Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулы Ахат Алпысбаевтың «контрабандаға қатысты күдікпен ұсталғаны» туралы хабарлаған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!