Делиде жыныстық қылмыс жасаған жасөспірімге үкім шықты

Фотография - Делиде жыныстық қылмыс жасаған жасөспірімге үкім шықты

Сенбі күні Делидің кәмелетке жасы толмағандар жөніндегі соты топ болып әйел зорлау қылмысына қатысты айып тағылған адамның ісін қарады

307 0


Сенбі күні Делидің кәмелетке жасы толмағандар жөніндегі соты топ болып әйел зорлау қылмысына қатысты айып тағылған адамның ісін қарады. Сот қылмыс жасалған кезде 17 жаста болған айыпкерді үш жылға бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарды. Үндістан заңы бойынша, бұл кәмелетке толмағандарға тағайындалатын ең қатаң жаза. Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

Осы қылмыстық іске қатысты тағы төрт ересек адамның үстінен іс қозғалған. Олар да өздеріне тағылған айыпты мойындамайды. Егер сот оларды кінәлі деп таныса, төртеуі де өлім жазасына кесілуі мүмкін. Айып тағылған тағы бір адамның асылып тұрған жансыз денесі түрме камерасында табылғаны туралы биыл наурызда хабарланған.

Былтыр желтоқсанда Делиде 23 жастағы студент қызды көшеде бір топ адам зорлап, өлімші етіп ұрып-соғып кеткен соң екі аптадан кейін ол қыз қайтыс болды - деп хабарлады  azattyq.org

Бұл суыт хабар Үндістан қоғамында жұртшылықтың қатты наразылығын туғызып, парламент жыныстық зорлық-зомбылық қылмыстарына қатысты жауапкершілікті қатайтқан еді.

 


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!