Жолаушылар жүгінен бағалы бұйымдар ұрлаған әуежай қызметкерлері ұсталды

Фотография - Жолаушылар жүгінен бағалы бұйымдар ұрлаған әуежай қызметкерлері ұсталды

 Нью-Йорктің Джон Кеннеди атындағы әуежайының қауіпсіздік қызметі жолаушылардың бағалы бұйымдарын ұрлаған жеті қызметкерді ұстады

177 0

 Нью-Йорктің Джон Кеннеди атындағы әуежайының қауіпсіздік қызметі жолаушылардың бағалы бұйымдарын ұрлаған жеті қызметкерді ұстады. Олар  «El Al Israel» әуекомпания қызметін пайдаланушылардың жүктерін тексерумен айналысқан, деп хабарлады Vesti.ru.


Жолаушылар бірнеше рет  бағалы бұйымдарының жоғалғандығы туралы шағым түсірген. Әуежайдың қауіпсіздік қызметі «El Al Israel» әуекомпаниясына қызмет көрсетілетін жүк кешеніне бейнебақылау орнатқан.

Жасырын камераның арқасында қауіпсіздік қызметкерлері ұрылардың кім екендігін анықтады. Олардың пәтерлерін тексеру барысында ұрланған бағалы сағаттар, әшекей бұйымдары, фототехникалар табылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!