Мұхаммед Мурсидің ісі сотқа жіберілді

Фотография - Мұхаммед Мурсидің ісі сотқа жіберілді

Египеттің бас прокуроры осы елдің бұрынғы президенті, "зорлық-зомбылыққа жол берді" деген айып тағылған Мұхаммед Мурсидің ісін сотқа жіберді

136 0

Египеттің бас прокуроры осы елдің бұрынғы президенті, "зорлық-зомбылыққа жол берді" деген айып тағылған Мұхаммед Мурсидің ісін сотқа жіберді.

Египет мемлекеттік агенттігінің 1 қыркүйекте хабарлауынша, Мұхаммед Мурси мен оны қолдайтын "Мұсылман бауырластар" партиясының басқа 14 мүшесінің ісі Каирдің қылмыстық істер сотына жіберілген. Бірақ соттың қашан басталатыны айтылған жоқ.

Мурсиге қарсы іс 2012 жылдың желтоқсанында оның жақтастары мен қарсыластары арасында болған қақтығыстар мен ондағы адам шығынына байланысты қозғалған. Прокуратура бұған қоса Мурсиді "2011 жылы түрмеден қашатын кезде шетелдің ұйымдармен астыртын сөз байласты" деп те айыптайды - деп хабарлады  azattyq.org

Мұхаммед Мурсиді шілденің 3-і күні әскерилер биліктен кетірген еді. Ол содан бері қамауда отыр.


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!