Британдық танымал журналист Дэвид Фрост қайтыс болды

Фотография - Британдық танымал журналист Дэвид Фрост қайтыс болды

Ұлыбританиялық танымал журналист, АҚШ-тың бұрынғы президенті Ричард Никсон 1974 жылы отставкаға кеткеннен кейін одан ұзақ сұхбат алған Дэвид Фрост 74 жасында өмірден өтті

122 0

Ұлыбританиялық танымал журналист, АҚШ-тың бұрынғы президенті Ричард Никсон 1974 жылы отставкаға кеткеннен кейін одан ұзақ сұхбат алған Дэвид Фрост 74 жасында өмірден өтті. Марқұмның отбасы Фросттың жүрек талмасынан қайтыс болғанын хабарлады. 

Дэвид Фросттың 1977 жылы Ричард Никсонмен сұхбаты америкалық телеарнадан төрт сағат бойы көрсетілген еді - деп хабарлады  azattyq.org

Журналист өз қызметінде Ұлыбританияның сегіз премьер-министрінен, АҚШ-тың жеті президентінен сұхбат алған. Ол - Иранның соңғы шахы, 1980 жылы қайтыс болған Мохаммед Реза Пехлеуимен сұхбаттасқан соңғы журналист.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!