Қырғыз мигранттар еліне 2 млрд. доллар табыс әкелді

Фотография - Қырғыз мигранттар еліне 2 млрд. доллар табыс әкелді

Шетелдерде жұмыс істеп жүрген Қырғызстан азаматтарының еліне аударған қаржысы 2 миллиард долларға жетті

175 0

Шетелдерде жұмыс істеп жүрген Қырғызстан азаматтарының еліне аударған қаржысы 2 миллиард долларға жетті.

Мұндай деректі Қырғызстанның Экономика мнистрі Темір Сариев Стамбұлда өткен еінші дүниежүзілік бизнес-форумда мәлімдеді. Минисрлік мамандарының айтуынша, республиканың жұмысшы мигранттардың елге әкелген табысы шетелдік инвесторлар тартқан инвестициямен теңесті. Қырғыз Үкіметі мигранттардың қаржысын инвестициялық жобаларға тартуды жоспарлап отыр. Нақтырақ айтқанда, үлестік қор құру немесе ақшаны мемлекеттік бағалы қағаздар саты алуға салу ұсынылды - деп хабарлады  baq.kz

«Бұл өте тартысты мәселе, оны жақсылап пысықтау қажет. Адамдарға бір жобаны ұсынардан бұрын, оларды әуелі қызықтыру керек. Ал бұл оңай шаруа емес. Өйткені, жұмысшылар бұл ақшаны жеңіл жолмен тауып отырған жоқ. Ішіп-жемін қысқартып, өз тамақтарынан жырып, елде аш-жалаңаш отырған бала-шағаларына, бауырларына жібереді. Үкімет бұл ішкі инвесторлармен бірлесіп жұмыс істеу механизмін әзірлеуі керек. Адамдар болашақта өздеріне келер пайданы көріп, білуі керек», - дейді Жұмақадір Акенеев.

Естеріңзге саламыз, Қырғыз Республикасы Еңбек, көші-қон және жастар министрлігінің деректері бойынша, тәуелсіздік алған жылдардан бастап, Қырғызстан аумағынан ТМД және қиыр шығыс елдеріне миллионға тарта адам шыққан, оның ішінде 650 мың қырғыз азаматы Ресейде жүр екен. Яғни, әрбір еңбекке жарамды халықтың бестен бірі деген сөз. Олардың барлығы да Ресей азаматтығын алған. Қырғызстанның қалған азаматтары Қазақстан, Қытай, Корея және еуропа мемлекеттерінде жалданып жұмыс істейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!