New York Times материалы шу шығарды

Фотография - New York Times материалы шу шығарды

Британия билігі америкалық New York Times газетінен арнайы қызметті әшкерелеуші Эдвард Сноуденнің редакцияға берген материалдарын жойып жіберуді талап етті.

242 0

Британия билігі америкалық New York Times газетінен арнайы қызметті әшкерелеуші Эдвард Сноуденнің редакцияға берген материалдарын жойып жіберуді талап етті. Мәселе АҚШ барлауының британдық үкіметтік байланыс орталығымен қарым-қатынасына қатысты құжаттар туралы болып отыр.

Редакцияға Ұлыбританияның Вашингтондағы елшілігінің жоғары лауазымды дипломаты арқылы сұрау салынды, оның есімі әзірге белгісіз. Дегенмен, New York Times жауап бермеген. Бұдан бұрын британдық The Guardian газеті редакцияға үкіметтік байланыс орталығының 2 өкілі келіп, бас редакторға қоқан-лоқы жасап, Э.Сноуденнің файлдары сақталған компьютерлерді жоюды талап еткенін хабарлаған болатын.


Тегтер:

журналистика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!